Әбілқайыр хан ескерткіші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Әбілқайыр хан ескерткіші.jpg
Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан ескерткіші

Әбілқайыр хан ескерткіші - Ақтөбе қаласында 2000 жылы Әбілқайыр ханның құрметіне орнатылған ескерткіш. Ескерткіш Әбілқайыр хан даңғылында облыс әкімшілігінің үйі алдында орналасқан. Авторы Ескен Сергебаев – ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Сәулетшілері – Б.Егінбаев, Н.Қожағұлов.

Тұғырдың биіктігі - 2,8 м, ені - 2,1 м, ұзындығы - 5,8 м.
Ескеткіштің жалпы биіктігі - 6,5 м, тұғырға дейін жерден биіктігі - 3 м, жерден жалпы биіктігі - 12,3 м.
Тұғырдың материалы - Қордай граниті. Ескерткіш қоладан құйылған, салмағы - 11,2 тонна.<ref>А7-Ақтөбе:Энциклопедия-Ақтөбе. «Отандастар-Полиграфия»ЖШС, 2001.-748 бет.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер