Әбілфайыз Ыдырысов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбілфайыз Ыдырысов (23.2.1930, Егінсай ауылы, Амангелді ауданы, Қостанай облысы) – жазушы-журналист, педагог, тарих ғылым кандидаты (1972), ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1991), ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері (2004). ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1953). 1953 – 54 ж. “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газеті редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары болып істеді. 1955 – 61 ж. “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. 1961 – 65 ж. “Қазақстан пионері” газетінде бас редактор, 1965 – 93 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде аға оқытушы, доцент, профессоры болды. Ыдырысов осы жылдары газет безендіру, полиграфия ісі, мақалаларды өңдеу және редакциялау шеберлігіне байланысты 20-ға тарта әдістемелік құралдар мен оқулықтар жазып, баспадан шығарды. Публицист-жазушы, педагог Ыдырысовтың қаламынан көптеген ғылыми-зерттеу кітаптары, деректі эссе, хикаяттармен қатар “Айжанның ғашығы” (1965), “Берік” (1994), “Аңсаған менің әнімсің” (2000), “Ақсүйек”, “Кер бұзаудың өлімі” (2004) повестері, “Таңшолпан” романы (2005) жарық көрді. Ыдырысов көптеген орден, медальдармен марапатталған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Дереккөздер

<references/>