Әбілмәжін Жұмабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбілмәжін Жұмабаев (22 наурыз 1929 жыл Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы - 28 наурыз 2013 жыл) - аудармашы.

  • 1950 жылы Қаз-МУ-дің журналистика факультетін тамамдаған. Осы кездей бастап он жыл бойы «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.
  • 1960 — 1963 жылдары «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының жауапты хатшысы, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары,
  • 1964 — 1971 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінде жауапты қызметкер,
  • 1970 — 1984 жылдары «Жазушы» баспасының директоры, республикалық Кітап палатасының директоры болып істеді.

Шығармашылығы

Л.Толстой, И.Тургенев, Дж.Лондон, М.Горькийдің әңгіме, повестерін аударған. К.Паустовскийдің «Телегей тасқын» (1966), «Түнделеткенкүйме» (1984), А.Гриннің «Алқызыл желкендер» (1976), М.Ридтің «Жұмбақ салтатты» (1972), А.Дюманың «Үш ноян» (1979), Ж.Сименонның «Мегрэ және ұрылар» (1974), т.б шығармаларын қазақ тіліне аударған.


«Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының бірнеше мәрте иегері.
Аудармалары мен шығармалары:

  • О.Гурян. Шапқыншылық. А., ҚМКӘБ, 1957;
  • Н.Сарыханов. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1960;
  • Түн сыры. Араб жазушыларының новеллалары. А., «Жазушы», 1964;
  • Парсы повестері мен әңгімелері. А., ҚМ КӨБ, 1956;
  • К.Паустовский. Телегей тасқын. А., «Жазушы», 1966;
  • Түрікпен әңгімелері. А., «Жазушы», 1972;
  • Ж.Сименон. Мегрэ және үрылар .А., «Жазушы», 1976;
  • А.Дюма. Үш ноян. А., «Жалын», 1979;
  • А.Дюма. Монте Кристо хикаялары. А., «Жалын», 1983;
  • М.Шатров. Алтыншы июльде. Пьесалар. 1987;
  • В.Распутин. Өрт. Матерамен қоштасу. Повестер мен әңгімелер. 1989;
  • Б.Полевой. Алтын. Роман. 1996; Л.Гумилев. Қиял патшалығын іздеу. (П.Бейсеновпен бірге). 1992;
  • Л.Гумилев. Көне түріктер. (П.Бейсеновпен бірге ). Л.Г/милев. Хүндар. (П.Бейсеновпен бірге). 1998;
  • Н.Махфуз. Біздің көшенің аңыз-әпсаналары. Роман 2003; К.Паустовский. Таңдамалы хикаяттары мен әңгімелері. 2005;
  • П.Мериме. Қиямет түні. Новелла-лар. 2007;
  • К.Паустовский. Түнделетіп күйме. 2002;
  • Д. Онегин. Бауыржан туралы естелік;
  • Кездесулер күнделік нен. Естеліктер, портреттер.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}