Әбілбек Нұрмағамбетұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбілбек Нұрмағамбетұлы (29. 12. 1927 жылы туған, Торғай облысы, Жанкелдин ауданы Қарабидайық ауылы) — тіл білімі маманы, филология ғылымы докторы (1977). Абай атындағы педагогикалық институтты бітірген (1960). 1961— 1964 ж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында I аспирант, кіші ғылыми қызметкер, ал 1968 жылдан аға ғылыми қызметкер. Қазір бас ғылыми қызметкер болып істейді. Филология ғылымы докторы Ш. Сарыбаевтың жетекшілігімен "Түрікменстандағы қазақ говоры" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (1975). 1977 ж. "Қазақ тілі говорларының батыс тобы" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ диалектологиясы мен этимологиясы мәселелеріне арналған. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздіктерін құрастыруға қатысқан.

Шығармалары:

  • Түрікменстандағы қазақтардың тілі. КДА., А., 1974;
  • Қазақ тілі говорларының батыс тобы. А., 1978;
  • Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні. А., 1985;
  • Қазақ говорларының грамматикасы. А., 1986;
  • Сөз сырына саяхат. А., 1990;
  • Қос сөздердің құпиясы. А., 1991;
  • Бес жүз бес сөз. А., 1994;
  • Жер-судың аты — тарихтың хаты. А., 1994;
  • Қазақ тіліндегі атау сөздерінің тарихы. А., 1998.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}