Жұмағали Әбуұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(Әбуов Жұмағали бетінен бағытталған)

Жұмағали Әбуұлы (6.4.1945 жылы туған) – филология ғылымының докторы (1998), профессор (1999). Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің еңбек сіңірген қызметкері (2004), Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері (2006). Қызылорда педагогикалық институтының шет ел тілдері факультетін (1970, қазіргі Қызылорда мемлекеттік унверситеті) және Калифорния университетінің докторантурасын (1994) бітіргеннен кейін осы институтта оқытушы, кафедра меңгерушісі, шет ел тілдері факультетінің деканы қызметтерін атқарды. Әбуұлы Қазақстандағы тілдік саясат мәселелері бойынша шет ел университтерінде дәріс берді. 1989 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының шет елдермен байланыс жөніндегі вице-президенті болды. Әбуұлы «ҚР-дағы тілдік саясат» тұжырымдамасының (1996), Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған «Тілдер туралы» заңының жобасын әзірлеушілердің бірі. Лингвистика бойынша ЮНЕСКО-ның үйлестіру комитетінің мүшесі (1999–2000). 2000 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінің қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы. 100-ден аса ғылыми еңбектің авторы. Жұмағали «Құрмет» орденімен (2005) марапатталған.

Сыртқы сілтемелер

<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жұмағали Әбуұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}