Әбдірахман Исабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбдірахман Исабаев (9.5. 1934 жылы туған, Қазығұрт ауданы Шарапхана ауылы)<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref> – ғалым, филология ғылымының докторы (1994), профессор (1997).

1952 – 57 жылдары Ташкент қаласындағы Низами атындағы педагогикалық институттың тарих-филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. Институтты тәмамдаған соң сонда қызметте қалып, 40 жыл бойы аға оқытушы, доцент, профессор(ы) болып жұмыс атқарып келеді. «Фонетиканы оқыту методикасы» (1965) деген тақырыпта канд., «Қазақ тілі дыбыс жүйесі методикасының теориялық негіздері» (1994) деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 200-ден астам ғылыми еңбектердің авторы. Оның «5 сыныпта фонетиканы оқыту методикасы» (1965), «Қазақ тілі дыбыс жүйесін оқыту методикасының негіздері» (1973), «Қазақ тілін оқыту формалары» (1990), «Қазақ тілінен 4 – 5 сыныптарға арналған кестелер» (1991), «Қазақ тілінен өтілетін сабақтар» (1996), «Қазақ тілін оқыту методикасының бағдарламасы» (1996), «Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы» (1997), т.б. еңбектерінің теориялық, методикалық мәні зор. Ол Өзбекстан Республикасы халыққа білім беру министрлігі республикалық білім орталығының түркі тілдері кеңесінің төрағасы ретінде қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын жазу тобының жетекшісі. «Бүкіл түркі елдері халықтары әліппесі» атты кітабы жарық көрген.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысы : энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2005. – ISBN 9965-9746-1-6</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әбдірахман Исабаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}