Әбдімомын Желдібаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Әбдімомын Желдібаевқазақтың күйшісі, композиторы. 1934 ж. Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Жамбыл ауылында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдап, туып-өскен өңірінде мәдени салаларда қызмет еткен. Күйшінің атақты күйі "Ерке сылқым" құрметіне 2011 жылы Шу қаласында ескерткіш орнатылды<ref>http://shu.zhambyl.kz/index.php?lan=kaz&page=13&cat=58&hoster=shu&news_id=790 «Ерке сылқым» ескерткіші–ел мерейі</ref>. Бірде күйшінің Түркістан газетіне берген сұхбатында күй туралы былай деген еді: Үлгі:Start citationКүйге адалдық пен тазалық керек. Осы екеуi болмаса тыңдаушылардың жүрегiне жетпейдi. Халтураның өмiрi қысқа. Күйлерiмдi жүз рет толғанып, қырық рет толғатып барып шығарамын. Мен өзiм бiттi деген жерден бiтедi. Iзденiсiм сонымен тоқтайды. Сыншылардың тiсiн батыра алмай жүргенi де содан болар.Үлгі:End citation<ref>http://archive.turkystan.kz/page.php?page_id=47&id=3020 КҮЙШI</ref>

Шығармалары

Композитордың "Толғау", "Ерке сылқым", "Боз жігіт", "Жесір сазы", "Ыдырыс", "Аққу", «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар.сияқты. Оның «Ерке сылқым» күйі халыққа кеңінен таралған<ref>http://www.inform.kz/kaz/article/2579314 ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР</ref>.

Марапаттары

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері. <ref>ҚазАқпарат, Бүгін Астанада Ә. Желдібаевтың «Ерке сылқым» атты шығармашылық кеші өтеді</ref> 27 маусым күні Тараз қаласында "Қаратау сазы" дәстүрлі музыка фестивалі аясында күйші -композитор Әбдімомын Желдібаевтың СD жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Жинаққа Ә.Желдібаевтың 18 шығармасы еніп отыр. Компакт-диск әзірге 550 данамен шығарылды.

Дереккөздер

<references/>