Әбдат Бермұхамедұлы Бапалақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Әбдат Бермұхамедұлы Бапалақов 1946 жылы 23 қарашада Қызылорда қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Бапалақов Бермұхамед (1908-1987), Қырғыз КСР Қызылқия қаласында шахта бастығы болып, Қызылорда ет комбинатында жұмыс істеген. Анасы - Сүлейменова Ұлтай (1919-1979), үй шаруасымен айналысқан. Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтын (1969) орыс тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша; қалалық партия комитеті жанындағы кешкі Марксизм-ленинизм университетін (1971) насихатшы мамандығы бойынша; Ф.Э. Дзержинский атындағы Қазан Революциясы орденді КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетініңжоғары мектебін (Мәскеу қ., 1979)жоғары арнаулы білімді офицер мамандығы бойынша бітірген. 30-дан астам мақаланың авторы. КОКП мүшесі (1970-1991).

1963 жылдан - Қызылорда ет комбинатының сығымдау цехы машинисінің көмекшісі. 1964 жылдан - Қызылорданың №1 автокөлік кәсіпорнының жүргізушісі. 1965 жылдан - «Еңбек» облыстық ерікті спорт қоғамы кеңесінің (Қызылорда қ.) өндірістік гимнастика жөніндегі әдіскері. 1965 жылдан - Қызылорда ет комбинатының сығымдау цехы машинисінің көмекшісі. 1965 жылдан - Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтының студенті. 1969 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Қызылорда қалкомы, обкомының нұсқаушысы. 1970 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Қызылорда қалалық комитеті және облыстық комитетінің комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі. 1974 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Қызылорда обкомының бірінші хатшысы, хатшысы. 1977 жылдан - Қызыл тулы Октябрь Революциясы орденді КСРО МҚК Ф.Э. Дзержинский атындағы Жоғары мектебінің тыңдаушысы. 1979 жылдан - Целиноград және Қызылорда облыстары бойынша ҚазКСР МҚК Басқармасының бөлім бастығының орынбасары. 1985 жылдан - Қызылорда облысы бойынша ҚазКСР МҚК Басқармасының бөлім бастығы. 1990 жылдан - ҚазКСР МҚК Орал облысы бойынша кадрлар жөніндегі басқарма бастығының орынбасары. 1992 жылдан - Қызылорда облысы бойынша ҚР МҚК басқармасының бастығы. 1995 жылдан - «Оңтмұнайгаз» АҚ (Қызылорда қ.) бақылау - тексеру бөлімінің бастығы. 1996-1999 жылдары - «Оңтмұнайгаз» А Қ - «Харрикейн Құмкөл Мұнай» ААҚ заң қызметінің бастығы. 2000 жылдың мамырынан -«Отан» қалалық партия ұйымының (Қызылорда қ.) атқару шы директоры. 2000 жылдың қазанынан - Қызылорда облысы бойынша ҚР ИСМ Мемлекеттік стандартты мемлекеттік қадағалау жөніндегі Басқарма бастығының м.а., бастығы. 2003 жылдың қаңтарынан - Қызылорда облысы бойынша ҚР ИСМ Индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаментінің директоры.

2003 жылдың қазанынан бері - ҚР ИСМ Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы; Қызылорда облысы бойынша ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі департаментінің бастығы.

Қызылорда қаласындағы облыстық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1976-1978), Қызылорда қаласының Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1989-1990). ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат (1999). Қызылорда қаласы Қазақстан ЛКЖО облыстық комитетінің бюро мүшесі (1972-1977). Қызылорда қаласы облыстық кәсіподақтар кеңесі төралқасының мүшесі (1974-1976). Қазақстан Компартиясы Қызылорда обкомының бюро мүшесіне кандидат (1975-1977). Қазақстан Компартиясы XIV съезінің делегаты (1976). «Нұр Отан» ХДП Қызылорда филиалының саяси атқару комитетінің мүшесі (2005 жылдан).

Студенттер арасында бокс бойынша Қазақстанның 3 мәрте чемпионы (1967-1969), Қазақстан студенттері құрамасының мүшесі, Қазақстан Чемпионатының 2 мәрте мәрегері (1968-1969), Қырғызстанның жеке ашық біріншілігінің чемпионы (Ош қ., 1967), М. Жәлел атындағы жүлде үшін Ресейдің жеке ашық біріншілігінің мәрегері (Орынбор қ., 1969), Республикалық Қазақстан халықтары спартакиадасының мәрегері (1970).

«КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл», «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Ерен еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне», КСРО МҚК 3-ші (1980), 2-ші (1983), 1-ші (1990) дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», Қазақстан ЛКЖО ОК, БЛКЖО ОК, ААФЖЕҚ ОК медальдарымен; Қазақстан Компартиясының обкомы, Облыстық Халық депутаттары кеңесінің Атқару Комитетінің грамоталарымен, ҚР МҚК (1993), облыстық мәслихаттың (1995) құрмет грамоталарымен марапатталған. ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2005) ескерілген. ҚР МҚ К - ҰҚК запастағы полковнигі. Діни көзқарасы - атеист.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Егемен, тәуелсіз, демократиялық, уақыт сынына төзімді, өркенді Қазақстан».

Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтер, көркем әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Бапалақова Клара Шәймерденқызы (1950 ж. т.), зейнеткер, француз тілінің мұғалімі. Қыздары - Бапалақова Жанна Әбдатқызы (1970 ж. т.), Бапалақова Әйгерім Әбдатқызы (1973 ж. т.); ұлы - Бапалақов Қанат Әбдатұлы (1977 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub