Ұстамдылық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұстамдылық — адамның бойындағы жағымды қасиет; өз тәртібін қадағалай білу, қызбалығы мен үстірт әрекетін тежей aлy, оларды қолданыстағы тәртіп нормалары мен ережелеріне бағындыру. Ұстамдылық қасиеттерін тәрбиелеуде балаларды мектепте қолданыста жүрген білім беру ұйымдарының жарғысымен, оқушылар тәртібінің ережесімен таныстыру, өз әрекетін қабылданған тәртіп нормаларымен салыстырудың тұрақты жаттығулары қолданылады, олар балаға және оның ортасына кері ықпал ететін әрекеттерден сақтандырады. Ұстаным— адамның өмірлік іс-тәжірибесінен қалыптасқан, оның өзіндік дүниетанымы мен пікірін білдіретін, белгілі бір жақтайтын көзқарасы.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}