Ұнату

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұнату (Үлгі:Lang-el — елігу, іштей ұнату) — адамның басқа кісілерге, олардың топтарына не әлеуметтік құбылыстарға орнықты мақұлдаушылық эмоциялық қатынасы; жарқын жүзбен, тілектестікпен, тәнті болып қараудан, қарым-қатынас жасауға, ілтипат білдіріп, көмектесуге дайын тұрудан және т.б. ізгі ниеттерден көрінеді. Әдетте, көзқарастардың, мүдделердің бірлігінен, адамгершілік мұраттастықтан туындайды. Басқа адамның сырттай сымбаттылығына, жарасымды жүріс-тұрысына, жағымды мінезіне ұната қараушылықтан да пайда болуы мүмкін. Өзінің динамикасында ұнату құштарлыққа, берік жақындыққа ұласуы да, сондай-ақ суынып кетуге, тіпті жек көрушілікке айналуы да мүмкін. Тұлғааралық қарым-қатынастарда адамдар интеграциясының және психологиялық қолайлы жағдайдың сақталуының бір факторы болып табылады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}