Ұмтылу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұмтылу (талаптану). Ұмтылу — адамның іс-әрекетті атқаруға талаптанып, белсенділігін қуаттайтын ниеті. Адам өз қажеттілігін өтеудің жағдайын нақты болжамдап, көз алдына елестете алмаса да, көздеген мақсатына жету үшін күш-қуатын жұмсап талаптанады. Талаптанудың (ұмтылудың) нақты түрі — арман. Бұл қалаған нәрсенің бейнесін қиял арқылы жасау әрекеті.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}