Ұлықпан Мырзабайұлы Жолдасов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Ұлықпан Мырзабайұлы Жолдасов (14 ақпан 1966 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданында туған) - қазақстандық композитор, музыкалық продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Жалпы мәліметтер

Ұлықпан Мырзабайұлы Маңғыстау өлкесінің тумасы. Шығармашылық жолын 1983 жылы Маңғыстау облыстық филармониясынан бастаған. Бүгінгі таңда қазақ эстрдасында 300ге жуық авторлық әндері мен композициялары бар. Мақпал Жүнісова, Муз Арт, Мәдина Сәдуақасова, "Нұр-мұқасан" және басқа да көптеген эстрада жұлдыздарының орындауындағы бұл әндердің көбісі дерлік тыңдармандардың көңілінен шыққан туындылар. Халықаралық, Республикалық байқауларда топ жарған әндері де жетерлік. Соның ішінде композитордың ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаеваның орындауындағы "Махаббат маусымы" әні Голливудта өткен халықаралық байқайда гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Отбасы

  • жары Айған Сайлаубаықызы.
  • қызы, эстрада әншісі Фарида Жолдасова. ол 5 жасынан бастап үлкен сахнада өнер көрсетіп келе жатыр. 13 жасынжа жеке альбомын шығарып, 2006 жылы Алматы қаласында (Республика сарайында), 2007 жылы Астана қаласында (Конгресс-Холда)өзінің жеке шығармашылық кешін берді.
  • ұлы, музыкант Болат Жолдасов.

Шығармашылығы

Жеке кештерімен және жеке жобаларымен Қытай, Моңғолия және Швецияда өнер көрсетті. 2015 жылы әлемдік музыкалық студиямен келісім-шарт жасалып, Ұлықпан Жолдасов Швеция астанасы Стокгольмге арнайы шақыртумен барды. Стокгольмде екі ай көлемінде жұмыс жасалып, әлемге әйгілі музыкалық продюсер Niklas Olsson композитордың авторлық әндерін өңдеп, өз студиясында жазып шықты.

Марапаттары