Ұлжан Өстенқызы Айнақұл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Айнақұл Ұлжан Өстенқызы - 1958 жылы 15 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарасу ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Айнақұлов Өстен. Анасы - Түймебаева Қатипа.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін бітірген (1981), орта білім беретін мектепте музыка мен ән пәнінің оқытушысы.

1984 жылдан - «Қызыл Әскер» ауылдық клубының меңгерушісі. 1982-1983 жылдары - Қарасу аулының орта мектебінде ән сабағының оқытушысы. 1985 жылдан - Алматы облысы Жамбыл аудандық Мәдениет үйінің әдіскері.

1988 жылдан бері - Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының солисі.

Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың (1996), «Жаңа ғасыр, жаңа ән» конкурсы сыйлығының (2000) лауреаты.

ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1996).

Діни көзқарасы - мұсылман.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан әлемдік ауқымда мойындалатын болады».

Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия.

Қызы - Айнақұл Әсем.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub