Ұлан Сапарұлы Байжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұлан Сапарұлы Байжанов (9 тамыз 1958 жыл Алматы қаласы) - заңгер, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс вице-министрі (1999-2002).

Өмірбаяны

  • Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.
  • 1987-1991 жылдары Алматы қалалық атқару комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі.
  • 1991-1995 жылдары - Алматы қалалық әділет басқармасының бастығы.
  • 1995-1997 жылдары - «Алматы - Заң» құқықтық орталығының бас директоры.
  • 1997-1999 жылдары - «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамының вице-президенті - атқарушы директоры.
  • 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс вице-министрі.
  • 2003 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» жабық акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары, «Мұнайконсалтинг» жабық акционерлік қоғамының президенті, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы президентінің аппарат басшысы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, «Тау-Кен Самұрық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болған.
  • 2011 жылғы қаңтардан – 2012 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Бас прокуратурасы аппаратының жетекшісі.<ref>Ұлан Сапарұлы Байжанов</ref>
  • 2015 жылдың тамызынан - Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры қызметіне тағайындалды.<ref>Құқық қорғау органдары академиясының ректоры</ref>

Марапаттары

  • Медальмен және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}