Ұзақбай Доспанбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(Ұзақбай Әбдікерімұлы Доспамбетов бетінен бағытталған)

Ұзақбай Доспанбетов - 1941 жылы 30 наурызда Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қаратал ауылында туған.

1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдағаннан кейін, мектепте, аудандық газетте, республикалық радио үйінде, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде, «Қазақстан коммунист, «Жұлдыз» журналдарында, «Ұлан» газетінде қызмет істеген.

Әдебиетпен 1962 жылдан бері айналысып келеді. 1983 жылы жарық көрген «Ел есінде» атты алғашқы романы соғыстан күйзелғен ауыл шаруашылығын қалпына келтіру кезеңіне, ал «Шың мен шыңырау» романдилогиясы атақты Нұрмолда Алдабергенов өміріне арналған. Бірнеше медальдармен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Шығармалары

  • Кәрі қобыз күйі. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы», 1970;
  • Гауһар тас. Повесть. А., «Жазушы», 1973;
  • Сырғалы қыз. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы», 1975;
  • Қардағы гүл. Повестер және әңгімелер. А., «Жалын», 1978;
  • Сағым. Повестер және әңгімелер. А., «Жалын», 1981;
  • Ел есіңде. Роман. «Жазушы», 1983;
  • Шың мен шыңырау. Роман. 1-2 кітап. «Жазушы», 1983, 1993;
  • Мелодия старого кобыза. Повести и рассказы. Москва. «Советский писатель», 1989;
  • Жылусыз от. Роман. «Сөздік-словарь», 2000;
  • Қызыл жолбарыс. Романдилогия. А., «Ғылым», 2000;
  • Абылайдық ақ туы. Тарихи роман. 1-кітап. «Мерей», 2004;
  • Аяз бен аптап. Повестер мен әңгімелер. «Жазушы», 2004;
  • Ғарыш әні. Повестер, очерктер. «Қайнар», 2006;
  • Тіл өнері дертпен тең. Әдеби сын мақалалары, зерттеулер. «Мария», 2006;
  • Абылайдың ақ туы. Роман. 2-кітап. «Самара-принт», 2008.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}