Үш түсті шегіргүл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Үш түсті шегіргүл (Үлгі:Lang-la) — шегіргүл тұқымдасы, шегіргүл туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, кейде шала бұталар. Мұны кейде: «ағайынды гүл», «бақ фиалкасы» деп те түрліше атайды.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 10 — 15(25) см.
  • Сабағы тік, аласа.
  • Жапырақтарының пішіні әр түрлі: төменгі жапырақтары жалпақ, жұмыртқа пішінді, ал жоғарғылары — жіңішке, қандауыр тәрізді, шеті иректеліп келеді.
  • Гүлдері ірі, қос жынысты, ұзын гүлсағағында (ұзындығы 3 — 12 см) орналасады. Аналық мойны шар тәрізді. Жоғары күлтесі қанық көк, қошқыл, екі жағындағылары — ашық көк, төменгілері — сары түсті болады. Сәуір айында гүлдеп, шілдетамызда жеміс салады.
  • Жемісі — үш ұялы қауашық, піскен кезде өздігінен жарылып кетеді.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Жер шарында негізінен қоңыржай аймақтарда кездесетін 500-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарындағы шалғынды жерлерде, тауаралық шалғынды алқаптарда, өзен жағаларында, орман арасында, жыраларда өсетін 31 түрі бар.

Құрамы, емдік қасиеті және қолданысы

Үш түсті шегіргүл — дәрілік өсімдік, оның құрамында глюкозидтер, сапониндер, қышқылдар, флаволоидтар, алкалоидтар, каротин және дәрумендер (С, Е, Р) бар. Халық медицинасында өсімдіктің қайнатпасы мен тұнбасын ішіп немесе теріге жағып, сары ауруды, ұшықты, қышыма қотырды, т.б. тері ауруларын емдеуге, сондай-ақ несеп жүргізіп, тер шығаруға, қан тазартуға кеңінен қолданады.
Шегіргүлден алынған препараттар бронх бездерінің қызметін күшейтеді. “Тривиолин” препараты жөтелге ем.
Шегіргүлді ежелден әсемдік, сондай-ақ эфир майын алу үшін өсіреді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref><ref>Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев</ref>

Суреттер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер