Үсен Жетенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Үсен Жетенов - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты (сенатор).

Қысқаша өмірбаян

1952 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары,Қазақ политехникалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1974 жылы Жезқазған кен-металлургия комбинатының мыс қорыту зауытында балқытушы болып бастады.

1975-1980 жылдары - Жезқазған кен-металлургия комбинаты мыс қорыту зауытының өндірістік мастері, Жезқазған түсті металл ғылыми-зерттеу, жобалау институтының сектор меңгерушісі.

1980-1984 жылдары - Қазақстан Компартиясы Жезқазған облыстық комитеті өнеркәсіп-көліктік бөлімінде нұсқаушы, меңгерушінің орынбасары.

1984-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің нұсқаушысы, инспекторы.

1987-1988 жылдары Қазақстан Компартиясы Көкшетау облыстық комитеті өнеркәсіп-көліктік бөліміне жетекшілік жасады.

1988-1990 жылдары – Қазақстан Компартиясы Балқаш қалалық комитетінің бірінші хатшысы.

1990-1991 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің саяси ұйымдастырушысы, жауапты ұйымдастырушысы лауазымдарын атқарды.

1991 жылы Қазақстан экономикасын қайта құруға ықпалдастық ассоциациясы бас директорының орынбасары болып тағайындалды.

1991-1992 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Экономикалық реформа, бюджет және қаржы комитетінің бас сарапшысы.

1992-1993 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төрағасы орынбасарының көмекшісі.

1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты мен Министрлер кабинеті Ұйымдастыру жұмысы және жергілікті әкімшіліктер бөлімінің бас инспекторы.

1994-1995 жылдарыҚазақстан Республикасы Президентінің Жезқазған облысы бойынша өкілі.

19951996 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары.

1996 жылыҚазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі.

1996 - 2008 жылдары аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2008-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.

2012 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Басшысы болып тағайындалды. <ref>Үлгі:Cite web</ref>


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер