Үміт көктемі (көрме)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

2011 жылғы 15 сәуірде мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы ғимаратында «Үміт көктемі» атты көрме ашылды «Үміт көктемі» көрмесі зағиптардың «Мейірімділік» қоры мүшелерінің туындыларын келушілердің назарына алғашқы рет ұсынуда. Экспозицияға 100 еңбек: картиналар, сәндік-қолданбалы өнер және басқалар кірді.

Зағиптардың «Мейірімділік» қоры 2009 жылғы 26 мамырда құрылған болатын. Қордың құрылтайшысы – Р.Ш.Баснукаев. Мүгедектерге қолдау көрсету және оларды қорғау, Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік еткен экономикалық, саяси және басқа құқықтар мен бостандықтарды іске асырудағы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, мүгедектерді оңалту, қазіргі заманғы қоғамға интеграциялау, жұмыс орындарын құру оның басты міндеті болып табылады.

Жұмыс істей бастағаннан бері қор өзінің бірқатар жобаларын іске асырды. «БОНС» атты музыкалық тобы қалалық мәдениет басқармасында ресми түрде тіркелді, ол қаладағы және қала маңындағы мәдениет мекемелерінде бірнеше концерт қойды. Қордың көптеген мүшелері қалалық «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің мүшелері болып табылады. Қор мүшелері жыл сайын өткізіліп тұратын Курдаков оқуларының 2010 жылғы Гран-приіне ие болды. Зағиптар, сонымен қатар, Талдықорған қаласында өткен параолимпиадалық ойындарға, 2011 жылы шахмат және дойбы бойынша өткен облыстық жарысқа қатысты, Щучинск қаласында өткен шаңғы жарысында жүлделі үшінші орынға көтерілді. «Мейірімділік» қорының жәрдемімен Еңбекпен қамту орталығы арқылы 10 мүгедек жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА