Үкаша Ата мазары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Үкаша ата кесенесі.jpg
Үкаша ата кесенесі

Үкаша Ата мазары – сәулет өнері ескерткіші. Қаратаудың күнгей бетінде, Өгіз тау шатқалы маңындағы қыратта, Түркістан қаласынан 42 км жерде.


Шамамен 6 – 7 ғасырларда өмір сүрген, Мұхаммед (саллаллаһу ғаләйһи уа салләм) пайғамбарға замандас болған ислам дінінің өкілі – Үкаша атаға арнап тұрғызылған. Кесенесінің жалпы ұзын 16 м, ені 5 м, биіктігі 3,5 – 4 м. Ғимараттың батыс жағында, диаметрі 3,5 – 4 м, биіктігі 4 – 4,5 м болатын шірімейтін қаңылтырдан күмбез тұрғызылған. Негізгі құрылысы тау тастарынан тік төртбұрышты етіп қаланып, сырты ақ және сұр түсті цемент қоспасына қиыршық тас араластырылып сыланған. Кесененің ішіндегі мазардың биіктігі 160 – 170 см, ені 150 см, ұзын 12 м-ге жуық (ұзындығының ұзын болуы- Үкаша атамыздың басын шапқанда, басы 12метр жерге дейін домалап барған, содан кейін қаны аяқ астына жатпасын деп, қанымен бірге жерлеген). Кесененің батыс жағында 200 м жерде Үкаша ата құдығы бар.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"</ref>

Үкаша ата құдығы

Аңыз бойынша, Үкаша ата сахаба Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың сенімді серігі әрі күзетшісі болған. Жергілікті тұрғындар “Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жауырынының астындағы мөрді сүйгеннен кейін Үкаша сахабаның денесіне атса – оқ, шапса – қылыш өтпеген” дейтін ертегіге бергісіз әңгімені ғасырдан-ғасырға жалғап, айтып келеді. Аңызға жүгінсек, қайсыбір мысық пиғылды, іштарлық танытқан дұшпандары қапияда бас салып, Үкаша атаны қапы қалдырып, бақиға аттандырған көрінеді. Таң намазында басы сәждеге енді барғанда дұшпанның қылышының соққысынан жерге салбырап түскен сахабаның мүбәрәк басы ешкімге ұстатпай, құдыққа түсіп кетеді. Ал, құдық болса, жерасты жолдары арқылы, сонау Меккедегі зәмзәм бұлағымен жалғасады дейді, айтушылар. Себебі, құрбан болған сахабаның басы, сол балбұлақтан табылып, пайғамбардың қабірінің аяқ жағына жерленіпті-міс. Бұл – Үкаша атаның «Иә, Алла, менің басым пайғамбарымның аяғында жатса екен!» деген арман-тілегінің орындалғаны болса керек.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер