Үдербаева Бақыт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Үдербаева Бақыт.jpg
Үдербаева Бақыт

Үдербаева Бақыт - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1989).

Өмірбаяны

1950 жылы туған. Сегіз жылдық мектепті бітіріп, 1967 жылы М.Төлебаев атындағы музыка училищесіне оқуға түседі. Шығармашылық жолын 1970 жылы Семей облыстық филармониясында әнші болып бастайды. «Бақыт Үдербаева ән шырқайды» атты күй-табағы мен телефильмі жарыққа шыққан.

Марапаттамалары

1975 жылы бүкілодақтық әншілер байқауының дипломанты, 1980 жылы Ә.Қашаубаев атындағы республикалық әншілер байқауының бірінші жүлдегері болды. «Құрмет» орденінің иегері.<ref>Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж.</ref>

Сыртқы сілтемелер

[1]

Дереккөздер

<references/>