Құспан Ғұмарұлы Аронов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құспан Ғұмарұлы Аронов (2. 12. 1960 жылы туған, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы) — тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1993).

Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филолог факультетін бітірген (1986). 1989-1992 ж. ҚР ҰҒА Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аспиранты. 1986—1995 ж. Атырау педагогикалық институты қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы. 1995 жылдан бері Орал қаласындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінде оқытушы. Академик Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың жетекшілігімен "Қазақ тіліндегі халықтық космонимдердің этнолингвистикалық табиғаты" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

Шығармалары:

  • Этнолингвистичсекая природа народных космонимов в казахском языке. АКД., А., 1992.

<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}