Құрал Көмекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құрал Көмекұлыақын. 1958 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Өлеңдері «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш» газеттерінде және жергілікті басылымдарда жарияланып жүр. «Бөрілерге гипотеза» атты жаңа жыр жинағы шыққан.

Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Президент сыйлығының иегері, ақын Сабыр Адай Құралдың жырлары туралы: «Өлеңдері өзіндік өрнектерімен, Құрал ақынға тән бөлек стилімен ерекшеленеді. Өмірді өлеңмен оятқан ақын пәлсапасы да адамды ойландырмай қоймайды» дейді.

Шығармалары

  • Көмек Қ. Бөрілерге гипотеза! Өлендер/. Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиал.- Шымкент: ЖШС "КІТАП", 2010, - 192 б.
  • Көмек Қ. Бағдаршам - Шымкент: ЖШС "Кітап", 2012. - 68 бет.


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер