Құмар Жүсіпов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құмар Жүсіпов (1905, бұрынғы Орал облысы Гурьев уезі, Сібірті болысы, 8-а, (қазіргі Атырау облысы, Тайынша ауданы "Теңдік" кеңшарының Бесікті бөлімшесі) - 16 қыркүйек 1987, Атырау) - ақын, жыршы.


Халық ауыз әдебиетін көп білетін қарт шешесі Нәзираның тәрбиесінде өседі (Нәзира — Атырау еліне аты мәлім Есет бидің қызы). Нәзира жастай кұлағына сіңген өз әкесі Есеттің, оның сыйлас адамдары Абыл мен Махамбеттің сөздерін немересі Құмарға үйретіп бағады. Құмар өсе келе Қашаған, Ығылман ақындарды көріп, жырларын жаттайды. Құмар елге әуелі жыршы ретінде танылған. Абылдың, Махамбеттің, Шернияздың, Ақтанның, Нұрымның, Ығылманның, Аралбайдың, Қашағанның, Досжанның, Аязбайдың терме-толғауларын ел арасына таратқан.

"Қырымның қырық батыры", "Сейфіл - Мәлік", "Бәдіғұл - Жамал", "Зияда", "Көрұғлы", "Әмира", "Мәлік - Хасан", "Қорлығайын" сияқты дастандарын халық арасында жырлаған.

Алғашқы "Сергелдең" толғауы 1924 жылы жазылған. "Ерлерге елден алғыс жауын жеңген", тағы басқа өлең, толғаулары жұртшылыққа танымал. Жүсіпов шығармалары "Ақындар жыры" (1963), "Пернедегі термелер" (1965), "Айтыс" (1966), "Қазақтың қазіргі халық поэзиясы" (1973), "Шұғыла" (1977), тағы басқа жинақтарында жарияланған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}