Құлжанова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова <ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том</ref> (Сағызбайқызы) (27.7.1887, Торғай қаласы – 1934) – ағартушы-педагог, этнограф, журналист-аудармашы. 1902 жылы Қостанайдағы орыс-қазақ гимназиясын бітірген. 1903 – 04 жылдары Торғайдағы қыздар училищесінде, 1905 – 20 жылдары Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаздық еткен. 1913 жылы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесіне, “Азамат серіктігі” ұйымына мүше болған. Орыс география қоғамы Семей бөлімшесінің атынан 1914 жылы 26 қаңтарында Абайдың қайтыс болғанына 10 жыл толуына орай және 1915 жылы 13 ақпанында Петроградтағы мұсылман ауруханасы мен мұқтаж қазақ шәкірттеріне қаржылай көмек көрсету мақсатында әдеби кештер ұйымдастырды. Қазақ”, “Сарыарқа және Алаш газеттеріне әйел мәселесіне байланысты мақалалар жариялады. 1917 жылы Семей облысы қазақ съезіне қатысып, оның төралқасы құрамына енді. 1920 жылы Қырғыз (қазақ) АКСР Оқу-ағарту халық комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссия құрамының мүшесі болған. Осы қызметте жүріп, жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі ОК-нің құрамына мүшелікке енген. 1922 жылы “Еңбекші қазақ” газеті редакция алқасының мүшесі, 1923 – 25 жылдары “Қызыл Қазақстан”, 1925 – 29 жылдары “Әйел теңдігі” журналдарында жауапты қызметтер атқарған. “Мектептен бұрынғы тәрбие” (Орынбор, 1923), “Ана мен бала тәрбиесі” (Қызылорда, 1927) әдістемелік кітаптарын шығарды. Өнертанушы А.А. Затаевич Құлжановадан “Ғайни-ау, сәулем”, “Қадыр зары” әндерін жазып алған. “Айқап”, “Қазақ”, “Бірлік туы”, “Алаш” басылымдарында оқу-ағарту, мәдениет мәселелері туралы мақалалары жарияланған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Құлжанова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}