Құлбала кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құлбала кесенесі. 1920 жж. сәулет ескерткіші. Қызылорда қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 102 шақырым жерде орналасқан (азимут 67°).

Географиялық координаттары: 45°11′51,7"с.е.
66°43′56,4"ш.б.

Ескерткіш Телікөл көлінің маңайында орналасқан өлшемдері кішігірім кеснелер орналасқан тобына жатады (Құлтан, Ахмет Ишан, Ақтай және т.б.). Кесене көне каналдың (немесе Сарысудың бір тармағының арнасы) жанындағы айналасынан биік болып келген қырқаның үстінде орналасқан. Кесенеден оңтүстік-батысқа қарай қам кесектерден тұрғызылған қоршаулар қалдығы мен шайылып кеткен қабір үсті ескерткіштері, сонымен қатар қазақ қыстақтарының орындары мен неолит тұрағының іздері бар.

Ескерткіш сипаттамасы

Ескерткіш қам кесектерден тұрғызылып, тік бұрышты күйдірілген кірпіштермен (6,5/8×14×28 см, 10 қатар+ 110 жым = 0,86 м) қапталған. Жоспарындағы аумақтық өлшемдері - 5,50×9,30 м, сақталған биіктігі-3,0 м. Ескерткіш қатты бүгілген: жерлеу камерасы толығымен жойылған, тек қабырғасының солтүстік-шығыс бөлігінен және камера кіре берісінің солтүстік-шығыс жартысынан басқа.

Кесене жоспарында екі камералы (кіші кіре беріс және үлкен жерлеу), екеуі де күмбезбен жабылған. Кіші камераның бетше босағалы кіре беріс ойығы солтүстік-батысқа бағытталған. Іргесі шығыңқы болып келген ескерткіштің жоғарғы бөлігін қырынан қойылған кірпіштер қатарынан түзілген ернеу көмкеріп тұр.

Кіреберіс камера

Кіреберіс камера жерлеу камерасына апаратын күмбезді дәлізден, сондай-ақ осы дәліз ойығымен байланысқан параллелді екі тар бөлмеден тұрады. Сақталған (батыстағы) бөлмеде шатырға шығатын ойық бар. Кіші камера негізінен жабындысында, кіреберіс дәліздің үстінде күмбезше бар. Оның жоғарғы бөлігі күйдірілген кірпіштен өрілген, ал төменгі бөлігі қам кесектерден қаланып, күйдірілген кірпіштермен қапталған. Кіреберіс камера жерлеу камерасына байламсыз жалғанған. Кіре беріс дәліздің екі жағындағы тар бөлмелер монументальді кесенелердің осындай элементтерін механикалық тұрғыдан көшірудің нәтижесінде пайда болған. Монументальді кесенелерде олар баспалдаққа арналған.

Үлкен (жерлеу) камера

Үлкен (жерлеу) камера, сақталған бөліктерінде қарағанда, жоспарында шаршы пішінді, жарты циркуль кесінді сегіз аркамен бөлінген: олардың төртеуі жақтарының ортасында, қалған төртеуі - бұрыштарында орналасып, күмбез асты сегіз қырлылықты құраған. Аркалар қабырғалық жауырыншаларға (пилястрлерге) тірелген. Бұрыштық аркалардың қуыстары камера бұрыштарынан арка табанының биіктігінде басталатын кірпіш қаландыларының қатарымен толтырылған. Камераға кіретін есік ойығы сәулелі кескіндерге аркамен безендірілген.

Күмбезі сақталмаған, бірақ та басқа ескерткіштерімен ұқсақтығына қарағанда, бес аркамен басталып, жасанды қаландылармен өрілген.

Құлбалы кесенесі екі камералы кесененің кішірейтілген нұсқасы болып табылады.<ref>Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы, Қызылорда облысы, Алматы: Аруна баспасы, 2011</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}