Құлажанов Құралбек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құлажанов Құралбек (1944 жылы туған, Талас ауданында Үшарал аулында) – ғалым, химия ғылымы докторы Қазақ мемлекеттік университітін бітірген (1967). 1967 – 69 ж. осы университетте зерттеуші-стажер, 1969 – 72 ж. аспирант, 1972 – 80 ж. қазақ автомобиль транспорты ғылым-зерттеу жобалау институтында химия зерттеулер лабароториясының және пайдаланудағы материалдар мен химиялық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі болды. 1980 ж. Жамбыл технологиялық институты Алматы филиалының ғыл.-зерттеулер секторының меңгерушісі, 1983 ж. директордың ғылым істер жөніндегі орынбасары, 1985 ж. «Аналитикалық және физколлоидтық химия» кафедрасының меңгерушісі, 1988 – 94 ж. директордың оқу істері жөніндегі орынбасары, 1994 ж. директоры, 1996 ж. Алматы технологиялық институтының ректоры. Құралбек 250-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, 29 авторлық куәліктері мен патенттері бар. Бір ғылым докторын, 5 ғылым кандидаттарын дайындап шығарған. Жоғары оқу орындарына арналған «Аналитикалық химия», «Физколлоидтық химия», «Аналитикалық химия бойынша лабораториялық практикум», «Физколлоидтық химия бойынша лаб-лық практикум», «Астық өнімдерін шығару барысындағы ионозоналық технология» сияқты оқулықтардың авторы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәскеудің тамақ өндірісі мемлекеттік академиясының құрметті профессоры, ҚР Жоғары мектеп академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының, ҚР Инжинерлік академиясының, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академиг. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. <ref>“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Құлажанов Құралбек|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}