Құдаш Мұқашев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құдаш Мұқашев (1932-1971) - Қазан айында бұрынғы Талдықорған облысының Ақсу ауданына қарасты Сүттікент ауылында туған. Қапал педагогикалық училищесін бітірген. Бірнеше жыл аудандық газет редакциясында және партия қызметтерінде болған.

1965—1970 жж. «Қүрақсу» қой кеңшарында партком хатшысы болып қызмет істеген.

Еңбектері

Лирика саласында қалам толғаған, ақ өлеңмен бірнеше драмалық шығармалар жазған. «Дала дастаны», «Парторг» драмалары М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында қойылған. Шығармалары: Өлеңдер. А., "Жазушы», 1962; Бұл қай түлік. Балаларға арналған өлеңдер. А., «Жазушы», 1963, Жолаушы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1964 Дүбір. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971 Дала дастаны. Поэма мен өлеңдер. А. «Жазушы», 1975.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}