Құдайберген Жаңабергенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құдайберген Жаңабергенов – (1937 қаңтардың 9-ында туған, Жаңақорған ауданы Екпінді ауылы) - физик, физика-математика ғылымдарының кандидаты (1971), педагогика ғылымдарының докторы (2000), профессор (2001). Халықаралық педагогика білім беру академиясының академигі (2003). ҚР білім беру ісінің үздігі.

Қысқаша өмірбаяны

Үлгі:Infobox Biography 1959 - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.
1966 – 1969 ж. Қазақстан ғылым академиясының ядролық физика институтында аспирант;
1970 – 1981, 1995 – 1997 ж. Қызылорда мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі;
1981 – 1993 ж. факультетт деканы, партбюро хатшысы қызметтерін атқарған.

Еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектері «Қатты денелер физикасы», «Жоғары және орта мектепте физиканы оқыту әдістемесіне» арналған. 100-ден астам ғылыми еңбегі, 3 монографиясы, 4 оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген. Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық лауреаты.Шығармалары: Физиканы оқыту әдістемесі. Оқу құралы, А., 1998.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}