Қытай музыкасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қытай музыкасы - Қытай музыкасының тарихы бірнеше мың жылдықтарды құрайды. Оған Орта Азия, Орталық және Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Азияның музыкалық дәстүрлері ықпал етіп, әр түрлі тарихи кезеңдерде Қытай мемлекетінің кұрамына енген халықтардың (ұйғыр, тибет, моңғол, маньчжурлар) музыкалық элементтерін бойына сіңірді. Өзі де Корея, Жапония, кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия және Тынық мұхиты алабы халықтарының музыкаларына үлкен әсер етті. Қытай музыкасы ертеден діни, философиялық-идеологиялық ілім негізінде дамыды. Конфуцийлік трактаттарда музыка табиғатының космологиялық концепциясы зерттелді. Оның мемлекетті баскарудың бір тәсілі, адамдарды тәрбиелеудегі маңызды фактор және әлеуметтік үйлесімділікке жету құралы ретіндегі әлеуметтік-саяси рөлі атап көрсетілді. Даосизмнің түсініктері бойынша, музыка адамның табиғи психоэмоционалдық реакцияларының көрінуіне және оның табиғатпен бірігуіне мүмкіндік жасау керек. Буддистік дүниетаным музыкадағы мистикалық негізді атап көрсетті, ол болмыстың мәнін ұғынуға, адамның рухани жетілу кезіне көмектеседі. Музыкадағы көп дәрежелі символикалық ойлау жеке музыкалық үндердің, музыкалық аспаптардың, музыканың түрлері мен жанрларының әлемнің элементтері мен әлеуметтік-саяси жүйелерімен сәйкес болуын бейнеледі.

Қытай музыкасы туралы деректер

Қытайлардың музыка туралы алғашқы деректері біздің заманымызға дейінгі IV—III мың жылдыққа (аңыздар мен мифтер), ежелгі рөсімдік музыка туралы құжаттык деректер біздің заманымызға дейінгі XVI—XI ғасырларға жатады. XI—VIII ғасырларда рәсімдік оркестрлер дәстүрі пайда болды. Бяньцинь литофондары, қола қоңыраулар — бянъчжун; қоңыраулардың әр алуан түрлері, соның ішінде хун-чжуну гоудяо, юн, бо; гу барабандары, сазды сюанъ және т.б. жинақтала бастады. Чжоу дәуірінің (біздің заманымызға дейінгі V—III ғасырлар) соңғы кезеңінде конфуцийлік ілімнің ықпалымен сарайлық рәсімдер жүйесі қалыптасады, оларға вокалдық және аспаптық композициялар сай келетін. Сарай жанында рәсімдер мен музыкаға жауап беретін Дасыюэ мекемесі құрылды.

Хань дәуірінен бастап Солтүстік жәнө Оңтүстік хандықтар кезеңіне дейін (біздің заманымызға дейінгі 206 — біздің заманымыздың 581) музыкалық мәдениет едәуір көтеріледі. Сарайлық музыкалық өнердің маңызды түрлері: я - юэ — ресми конфуцийлік рәсімдер музыкасы және су-юэ — зиялылардың көңіл көтеруіне арналған музыка. Музыканттар Сыма Сянжу, Цай Юн Қытайдың әр түрлі облыстарынан дәстүрлі әндерді жинады. Қытайдың музыкасының кейінгі эволюциясы барысында маңызды рөлін сақтаған көп кұрамды оркестрлер дәстүрі дамиды (300-ден 800-ге дейін орындаушылары бар; дайындалу материалы бойынша аспаптаріи 8 топқа бөлінетін). Ішекті аспаптарда жеке орындау дәстүрі — цинь (әсіресе оқымысты элита арасында), пипе (орындаушылық мектептердің негізін қалаушылар — Су Чжипо, Цзи Лu, Янънянъ т.б.) пайда болды. Сұң және Таң (581—907) династияларының басқару кезеңі, ежелгі Қытай музыкасының өркендеу уакыты — өнердегі, соның ішінде музыкадағы таңдық стиль, сондай-ақ Кореяда, Жапонияда, Вьетнамда тарады. Арнайы кеңселер жұмыс істеді. Сарайлық музыка екі негізгі жанрлық түрге бөлінген — ли-пучи (ашық далада орындалатын музыка) және цо-пучи (ғимараттар ішінде орындалатын), оған я-юэ, су-юэ, банкеттер музыкасы (янъ-юэ), аспапты музыка (ху-юэ), әскери музыка (кучуй), театр музыкасы (сан-юэ), циньге арналған музыка (цинъ-юэ) кіреді. Янь-юэ оркестрмен орындалады, оркестр құрамында кытай аспаптарымен қатар Үндістан, Корея, Үнді-қытай елдері, Орта Азияның калалары мен мемлекеттерінің аспаптары және репертуарында осы елдердің музыкасы бар. VII ғасырда таман сарайлық оркестр өзінің Кұрамын молайтады (орындаушылар саны 1500-ге дейін), VIII ғасыр басында 5 арнаулы оқу орындары ашылды, соның ішінде сарай маңынан "Сaрайлық мектеп" (Цзяофан) және "Алмұрт бағы" (Лиюань) да бар. Білімді адамдардың үйлерінде ішекті және үрмелі аспаптарда (флейтада ди, арфада кунхоу, цинеде, пипеде және т.б.) камералық музыканы орындау дәстүрі тарайды. Осы кезеңнің әйгілі музыканттарының ішінде: Сюй Хэцзы, Хе Манцьзы, Ли Гуйнянь бар. Поэтикалық форманы (төрт жолдық) көрнекті ақындар (Бо Цзюйи, Ли Бо және т.б.) өлең шығару үшін қолданады, лютняның сүйемелдеуімен әнші әйелдер орындайды. IX—X ғасырларда қалаларда кәсіпқой жыршылардың орындауында бянъ-вэнъ формасында буддистік канондық кітаптардан алынған өлеңдік аңыздар мен эпизодтар тарайды. Сұң династиясы (X—XIII ғасырлар) кезіндегі конфуцийлік идеологияның жаңа өркендеу кезеңінде сарайлық музыканың ежелгі дәстүрінің қайта өрлеyi басталады. Музыканың жаңа әсем түрлері пайда болып, соның ішінде ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын әндік — поэтикалық цы формасы, т.б. көрермендерді тартатын өнер түрлері кең ЕТЕК Алды. Бұл қарапайым адамдар арасында (вацзы) аспаптың сүйемелдеуімен Яжурун-дяо, XII—XIII ғасырлар және т.б. орындалатын ән-аңыздар: чуаньцзю — көп сағаттық драмалар, кытай үшін жаңа болып табылатын сона сияқты аспапты қолданатын нанъцю музыкалық драмалар; 4 ішекті моңғол лютнясы (хубос). Юань-Минь (XIII—XVII ғасырлар) династиялары кезеңі Оңтүстік-Шығыс Аимн (Вьетнам) және Қиыр Шығыс (Корея, Жапония) елдерінің музыкасына әсер еткен дәстүрлі музыкалық драманың дамуының шыңы бОЛДЫ. Музыканың көптеген жергілікті түрлерінің ішінде сюяосстық, гэяньдік және т.б. XV—XVI ғасырлар Оңтүстік Қытайда куньцзю (куньшандық пьеса) жанры ерекше көрінді. XVI ғасырда басынан ол Солтүстік Қытайға да тарады. Бұл жанрдың шеберлері — Лян Чэньнюй, Чжан Етан, т.б. XIII—XVII ғасырлар музыкалық мәдениет сарайлардағы, қалалар мен ауылдардағы белсенді музыкалық өмірмен сипатталатын. Көптеген жергілікті вокалды, аспапты және би стильдерінің ішінде — янь-гэ (ән мен халық билері), лянжэнь-чжуань және лянжэнь-тай (пьеса-диалогтер), хуагу, хуадэн (музыкаға қосылып дәстүрлі әндер айтып көріністер көрсету), тибеттік нанма (речитатив пен би) бар. Жергілікті әндік жырлардың түрлері кеңінен тарайды: дагу (барабанмен қосыла және ішекті), цинъшу (цитраның сүйемелдеуімен), танъци (пипенің сүйемелдеуімен), цзоучан (театрландырылған жыр) және т.б. XX ғасырда да мағынасын сақтаған. Жырлардың әуенді типтері пайда болады — баньцянти, ляньцюйти, т.б. Жырлар айтылу ырғағына карай екіге бөлінеді: жылдам — куайбанъ, баяу — манъбанъ.

Сурет:ConcertGroupPano.jpg
Қазіргі Қытай ансамблі

XIII—XIV ғасырлар Қытай музыкасы 2 дәстүрге бөлінеді: Солтүстік және Оңтүстік. Солтүстік үшін батырлық тақырып, музыкалық тілдің қарапайымдылығы, 7 сатылы мәнердің колданылуы тән; Оңтүстік үшін лирикалық бейнелердің басымдылығы, аса нәзік техникалық құралдар, пентатоникалық дыбыс қатарлары, алғаш үрмелі аспаптардың басымдылығы тән. Қытайдың ұлттық музыка аспаптарының 100-ден аса түрлері бар: ішекті — цитры цинь, чжэнь, гусли сэ, лютни, пипа, юэцинь, т.б.; үрмелі ұзын флейталар — чииди сона (гобой түрі), соқпалылардың ішінде әр түрлі барабандар — үлкен цзяньгу, сазды ху, бір жақты кішкентай баньгу, тамбурин яогу; қола коңыраулар тобы — бяньчжун жәнө т.б. бар. Цинь династиясының (1644—1911) баскару кезеңнің басында музыкалық мәдениеттің демократтану тенденциясы байқалатын. Қалалық музыкалық драманың түрлері пайда болады (жергілікті драманың негіздерінде), цзинцзюй пекиндік музыкалық драманың ең биік шыңы болып табылады. XIX ғасырда басынан қиындап кеткен ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты (Маньчжурялық Цинь династиясы басқару кезіндегі империалистік державалардың "Апиындық соғыстары"). Сарайлық музыкалық дәстүрлер құлдырай бастады. Сонымен катар камералық аспапты және симфониялық шығармалар шығарылды (Ма Сыцун, Цжи Пэй, Чжу Цяньэр). Қытай музыкант орындаушылары шықты (пианистер — Лю Чикунь, Ли Минцян және т.б.) 1960 жылдардың басында және кейін аталмыш Мәдени революция барысында музыка Пекиндік басшылықтың саяси ұрандарын бейнеледі, дәстүрлі қытай музыкасын орындауға тыйым салынды шетел сазгерлерінің, сондай-ақ 1966 жылға дейін жазылған қытай сазгерлерінің шығармалары қуғынға ұшырады. Музыкалық ұжымдир таратылды, музыкалық оку орындары жабылды. 1980 жылдан бастап өнерпаздардың шығармашылығы дамыды, жаңа кәсіпқой ұжымдар кұрылды, жаңа және дәстүрлі музыканы зерттеу жұмыстары жөнге келді, музыкалық білім жетілдіріледі. Әйгілі сазгерлердің ішінде: Ли Хуаньчжи, Лю Чжи, Цюй Си сяньэр, Цюи Вэй, Чжу Цзянь және т. б. бар. Музыка танушылар ішінде: Ян Иньлю, Люи Цзи, Вань Юйхэ; орындаушьщір ітттінде дирижерлер — Ли Дэлунь, Ян Лянкун; әншілер — Чжоу Сяоянь, Вэй Чисянь, Ху Сунхуа; пианистер: Вэй Данвэн, Ли Чжэн; скрипкашылар — Шэн Чжунгр, Ху Хуэн, Сюэ Вэй; халық аспаптарында орындаушылардың ішінде Лю Дэхай (пипа), Чжан Чжэхуа (эрху), У Диньлюэ, У Вэнгуан (цинь) бар. ҚХР-да шамамен 40 музыкалық журналдар шығады, соның ішінде "Жэньмин инью" ("Халық музыкасы"), "Иньяньцзю" ("Музыкалық зерттеу"), "Чжунго иньюэсюэнің" ("Қытай музыкатануы") орны ерекше. Жыл сайын музыкалық фестивальдар өткізіліп тұрады. ҚХР-да (1988) Пекиндегі Орталық мемлекеттік опера театры және Қытай театры, Пекин мен Шанхайда ба лет театры, Пекиндегі симфониялық оркестрлер, Қытай халық аспаптарының орталық оркестрі, Шығыс халықтарының ән-би ансамблі, Орталық ұлттық ән-би ансамблі жәнө бірнеше ансамбльдер бар. Музыканттар одағы, 8 жоғары оку орындары жұмыс істейді.<ref>Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Өнер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қытай музыкасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}