Қырғызбай Бақытбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қырғызбай Бақытбаев (20.11.1932 ж.т., қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Жиенқұм а.) – физика-математика ғылымдарының докторы (1991), профессор (1991).

ҚазМУ-ды (1954, қазіргі ҚазҰУ) және КСРО ғылым академиясының Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) физика.-технология институтының аспирантурасын (1965) бітірген. Шымкент педагогикалық институтында аға оқытушы (1954–1958), Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика институтында (1958), ҚазПИ-де (1981–1997, қазіргі ҚазҰПУ) кафедра меңгерушісі, декан қызметін атқарды.

1990 ж. «Теоретико-групповой подход к исследованию низколежащих состояний ядер» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Б-тың ғылвми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – көпбөлшекті жүйелердің микроскопиялық жағдайлардағы құрылымын, ядролық жүйелердің жиынтық және көпбөлшектік сәйкестігін зерттеу мәселесі.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Bio-stub