Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов (19 мамыр 1964, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы) — қазақ тілді әнші, продюсер, бизнесмен, философия ғылымдарының докторы (2015).

Өмірбаяны

  • Алматы театр-көркемөнер институтын бітірген (1991).
  • 1995 жылы «Айналайын» деп аталатын алғашқы жеке альбомын шығарған.
  • 1996 жылдан - «АБК» тобының негізін қалаушы, мүшесі және бас продюсері.
  • 2001 жылдан - «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі.
  • 2005 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың қаңтарына дейін - Алматы қаласы Мәдениет департаментінің директоры.
  • 2008 жылдың сәуірінен - Астана қаласы Мәдениет департаментінің директоры.

Қоғамдық жобалары

  • «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы комиссиясының мүшесі және Қазақстан жастар одағы сыйлығын тапсыру бойынша комиссияның төрағасы.

Шығармашылық жобалары

АБК тобы

Ұлытау тобы

Рахат Тұрлыханов

Бангор

Қарақат

Шығармашылық жетістіктері

  • «Жігер» республикалық конкурсының (1988),
  • Қазақстан жастар одағы сыйлығының (1994),
  • «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының (2000),
  • Грозный қаласы Бүкілодақтық студент жастар конкурсының I сыйлығының (1987),
  • Данияда өткен «Борнхольм-90» халықаралық конкурстың I сыйлығының (1990),
  • Литвада өткен «Вильнюс» халықаралық конкурсының III сыйлығының лауреаты (1993).
  • «Азия дауысы» халықаралық конкурсының дипломанты (1991).
  • Голливудта өткен орындаушылық өнерден халықаралық чемпионатта «Басқаларға ұқсамайтын вокал» номинациясы бойынша I орынды және алтын медаль алды (АҚШ, 2001).
  • Шешенстан мен Ингушетия Республикаларының Еңбек сіңірген өнер қайраткері (2005).
  • 2013 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік марапаты «Құрмет ордені» мен елбасының жарлығымен марапатталды.

Отбасы

  • Жұбайы - Қарақат Әбілдина әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Ұлдары - Бекболат, Иманәлі, Нұрәли,Айсұлтан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер