Қуырдақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қуырдақ — жаңа сойылған малдың өкпе—бауырынан, мойын, төстік етінен, жүрек, бүйрегінен, сондай-ақ ішек-қарнынан ұсақтан турап әзірленетін тағам. Ол үшін қазанға іш майды немесе құйрық майды турап салып шыжғырып алады да, алдымен үстіне туралған өкпе, жүректі, ішек-қарынды, мойын, төстік еттерін салып, қазанның отын қатты жағып 15—20 минут қуырады. Содан кейін бауырлы салып, үстіне бұрыш, пияз қосып, әбден піскенше қуырады. Тұзды татымына қарай салады.Әбден піскен қуырдақты табаққа салып, дастарханға қояды.

Қуырдаққа: 1 кг ет, 500 г өкпе, 500 г бауыр, 300 г жүрек, 200 г бүйрек, 300 г құйрық май, 2 бас пияз, 1 шай қасық бұрыш, 1 ас қасық тұз қажет.

Бал қуырдақ

Көбінесе жас малдың жұмсақ етінен даярланады. Басқа қуырдақтан мұның ерекшелігі — етті майға емес пісірілген сүттің бетінен түскен қаймаққа ғана қуырылуында. Өте жұғымды, жүрекке көп тимейтін қуырдақтық бұл түрін көбіне қарт кісілерге, сыйлы қонақтарға беретін болған.

Жоңқа қуырдақ

Тоңазып қатып тұрған соғым етінен дайындалатын қуырдақ. Мұның жоңқа қуырдақ деп аталуының себебі, пышақпен не балтамен қырнал жонғанда ет ағаштың жоңқасы сияқты жұп-жұқа болып турал ады. Қуырдақтық бұл түрінде суға қайнатпай-ақ майға қуырыл әзірлеуге болады.

Картоп қосқан қуырдақ

сиыр етін ұсақтап турап, тұз, пияз салып, сырты қызарғанша қуырады. Содан кейін ұн сеуіп қыздырады да томат ботқасын, төрт бұрыштан туралған картоп салып, баяу жанған отқа 30—40 минут қайнатады. Бұрыш, лавр жапырағын, бұршақ, укроп, петрушка салып әбден піскенше бұқтырыл қояды. Дастарқанға қоярда түрлі көкөніспен сәндейді. Картоп қосқан қуырдаққа: сиыр еті 100 г. майы 60 г, нияз 150 г, томат ботқасы 100 г, көк 18 г, дәмдеуіштер қалауынша.

Қара қуырдақ

Кілең өкпе мен бауырдан, жүрек пен бүйректен әзірленеді. Бауыр тез пісетін болғандықтан, кешірек салынады. Мұның қара қуырдақ деп аталатын себебі, бауырлық қара майға қуырылғанда қуырдақтық өңін қарайтып жібереді.

Соғым қуырдағы

Ет піскенғе дейін соғым сойған, ішек-қарын аршыған адамдарды тамақтандыру үшін дайындалады.

Қуырдаққа көбінесе ірі қараның мойын еті. мүшеленген кезде түсетін ойынды, қиынды еті, аздап өкпесі мен бауыры қосылады. Соғым қуырдағы соғым сойған малдың өз майына қуырылады. Оны дәмдендіре түсу үшін оған татымына қарай тұз, бұрыш, дөңгелектеп турап пияз салады.

Соғым қуырдағын дастарқанға шаймен бірге қояды.

Үкпе қуырдақ

Етті өте майдалан турап қуырады. Үкпе қуырдақтық еті майда болғандықтан, оны суға бүктіріп қайнатпай-ақ, майға қуырың пісіруге болады.

<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қуырдақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}