Қуанған Жұмаханұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қуанған Жұмаханұлы (1951, Моңғолия, Баян Өлгий аймағы, - 23.5.1996, Өлгий қаласы) - ақын, аудармашы, филол. ғыл. канд. (1993).

Улан Батордағы Моңғолия мемлекітінің университетін (1972), Мәскеудегі Әдебиет институтын (1985) бітірген. Баян Өлгий аймақтық жазушылар одағының хатшысы, "Невада-Семей" Халықаралық қозғалысының Баян Өлгий аймақтық бөлімшесінің төрағасы, осы қозғалыс үні "Заман-ай" газетінің редакторы, өмірінің соңғы жылдарында Баян Өлгий аймақтық "Жаңа өмір" газетінің сарапшысы қызметін атқарған. Моңғол әдебиетінің классиктері Д.Нацагдорж, Б.Ренчин, Б.Явуухулан шығармаларын қазақ тіліне, Ж.Жабаев, Ж.Молдағалиев т.б. қазақ ақындары туындыларын моңғол тіліне аударған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}