Қуаныш нұрғазиев шадыбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қуаныш Шадыбайұлы Нұрғазиев (1962 жылы туған, Қызылорда қаласы) – дәрігер-маммолог, медицина ғылыми доктор (2003). Алматы мемлекеттік медицина институтын (ҚазҰМУ) бітірген (1985). 1985 – 89 жылдары Алматы қалалық онкология диспансерінде дәрігер. 1989 – 91 жылдары КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің Н. И. Петров атындағы онкология ғылыми-зерттеу институтының ординатурасында оқыған. 1992 – 96 жылдары «Шипагер» жеке маммология орталығында дәрігер-маммолог, 1996 – 2001 жыдлдары өзі ұйымдастырған «Салауат» жеке маммология орталығын басқарды. 2001 – 02 жылдары Атырау облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы, 2002 жылдан Алматы аймақтық онкология диспансерінде дәрігер-консультант, «Салауат» жеке маммология орталығының бас дәрігері, «Маммология» журналы бас редакторының орынбасары. Нұрғазиев 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 1 монография, 2 жаңалық, 2 әдістемелік нұсқау бар.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қуаныш нұрғазиев шадыбайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}