Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов

1945 жылы 12 мамырда Талдықорған облысы Панфилов ауданының Еңбекші ауылында туған.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1972) журналист мамандығы бойынша; КОКП ОКжанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1986) бітірген. Саяси ғылымдардың кандидаты (1996), докторы (2001). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстандағы және Қытайдағы реформалардың ерекшеліктері: салыстырмалы талдау». ҚР Саяси ғылымдар академиясының академигі (1997). ҚХР ҚҒА, Қарағанды мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының про- фессоры (2003 жылдан).

«Қарлығаштар» (1976), «Жастардың аяқ алысы» (1981), «Қазақстан комсомолы» (1982), «Уақытпен бетпе-бет» (1995). «Қазақстан-Қытай: тарих және қазіргі заман» (1995), «Қазақстан-Қытай: құжаттар мен материалдар жинағы» (1997), «Алыптың оянуы (қытай реформасы туралы очерктер)» (1999) кітаптарының авторы, «Қазақстан мен Қытайдағы реформалар. Ерекшеліктері. Ұқсастығы. Айырмашылықтары. Жетістіктері. Мәселелері» (2000), Қазақстан Республикасы мен Қытай халық Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым - қатынастардың орнағанына 10 жыл толуы құрметіне орай жазылған «Тату көршілік. Добрососедство» (Астана-Пекин, 2001), «Мүдделер қиылысы. Перекресток интересов» (2003) монографияларының, «Қазіргі заманғы саяси процестер» (2004) атты оқу құралыныңтең авторы, «Серпінді кезең» (2005) кітабының, сондай-ақ 200-ден аса мақала мен жарияланымдардың авторы.

Қазақ, орысжәне ағылшын тілдерін біледі.

КОКП мүшесі (1968-1991), «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2001 жылдан).

1961 жылдан - Сарыөзек ауданаралық баспаханасында баспахана жұмыскері; 1963 жылдан - аудандық газеттерде түзетуші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі. 1964 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1967 жылдан - Панфилов аудандық комитеттің бірінші хатшысы, 1973 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Талдықорған облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1976 жылдан - Қазақстан ЛКЖО ОК хатшысы, бірінші хатшысы. 1981 жылдан - Қазақстан Компартиясы ОК Мәдениет бөлімінің меңгерушісі . 1983 жылдан - Қазақстан Компартиясы ОК ұйымдастырушылық-партия жұмыстары бөлімінің меңгерушісі . 1987 жылдан - Қазақстан Компартиясы Қарағанды обкомының хатшысы. 1990 жылдан - Қазақстан Компартиясы ОК идеологиялық бөлімінің меңгерушісі . 1991 жылдан - ҚР баспасөз және бұқаралық ақпарат министрі. 1993-1994 жылдары - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 1993-1995 жылдары - «Қазақстан халық бірлігі одағы» қоғамдық қозғалысының, кейіннен «Қазақстан халық бірлігі» партиясы ОК төрағасы. 1994 жылдың наурыз айынан 1995 жылдың наурыз айына дейін - ҚР Жоғарғы Кеңесінің Талдықорған облысының №115 Жәркент сайлау округінен сайланған депутаты (92,26% дауыс жинап, жалғыз бәсекелесінен озып кетті). 1994 жылдан - ҚР Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары. 1995 жылдың наурыз айынан - ҚР Жоғарғы Кеңесінің Депутаттары мен қызметкерлерін қызметке орналастыру жөніндегі комиссиясының құрамында болған. 1995 жылдың маусым айынан - ҚР-ның ҚХР-ғы Төтенше және Өкілетті елшісі және Моңғолия, Вьетнам және КХДР-да осы қызметті қосып атқарушы.

2001 жылдан бері - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, 2007 жылдан бері - Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.

ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 9-ші, 11-ші шақырылымдарының депутаты (1990-1991).

«Сайлауларды бақылау женіндегі комитет» РҚБ Үйлестіру кеңесінің төрағасы. ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық кеңесінің мүшесі. көрнекті саяси қайраткерлердің ЕҚЫҰ реформалау бойынша кеңесінің мүшесі. ҚР Мемлекеттік рәміздері женіндегі республикалық комиссияның мүшесі; Қазақстан Республикасында жер бетіндегі телерадио-хабарларды тарату құқығына ие болу үшін конкурстар өткізу бойынша республикалық комиссияның мүшесі; «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі ; «2004-2006 жж. арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қоғамдық кеңестің мүшесі ; «Отан» саяси партиясының; «Достық» және «Әділет» депутаттық топтарының; ГФР Бундестагымен ынтымақтастық тобының; Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің Парламентімен және Солтүстік Ирландиямен ынтымақтастықтобының; Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясымен ынтымақтастықтың; ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясымен ынтымақтастықтың; Сауд Аравиясы орольдігініңКонсультативтік Кеңесімен (Шура Мәжілісі) ынтымақтастық тобының; Италия Республикасы Сенатымен ынтымақтастық тобының; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінің; Республикалық бюджет комиссиясының (2002, 2003, 2004), Азаматтық қоғамды одан әрі қарай демократияландыру және дамыту бойынша ұсыныстарды дайындап жасау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін кеңестің (2002 жылдан) мүшесі.

Еңбек Қызыл Ту (1981), «Парасат» (2001) ордендерімен; 7 медальмен марапатталған. «Алтын самұрық» атаулы сыйлығының лауреаты (2005). ҚР Президентінің Алғыс хатымен ескерілген. ҚР дипломатиялық қызметінің Еңбек сіңірген қайраткері (2003).

Әскери атағы - полковник.

Діни көзқарасы - мұсылман діні.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Дамыған, зайырлы демократиялық еркін қоғам».

Хоббиі - жаяу жүріп серуендеу, кітап оқу, халықтық және классикалық музыка.

Сүйіп оқитын әдебиеті - әдеби, саяси, мемуарлық (көрнекті адамдардың), тарихи әдебиеттер.

Үйленген. Жұбайы - Әділбекова Бекеш Дәулетбаққызы (1946 жылы туған), зейнеткер. Қыздары - Сұлтанова Гүлнәзия Қуанышқызы (1970 жылы туған), Сұлтанова Гауһар Қуанышқызы (1974 жылы туған), Сұлтанова Анбиян Қуанышқызы (1989 жылы туған); ұлдары - Сұлтанов Айдын Қуанышұлы (1972 жылы туған), Сұлтанов Ойлан Қуанышұлы (1993 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}