Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Esekeyev Quanyshbek.jpg
Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев

Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев (10 маусым, 1975, Алматы) — «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы. Математика ғылымдарының кандидаты.

Қысқаша өмірбаяны

  • 1995 ж.Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірді.
  • «Қазақойл» ЖАҚ-ының, «Қазақстан темір жолы» РМК-інің ақпараттық технологиялар департаменттерін басқарды.
  • 2002 жылы мемлекеттік қызметке келді. Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде департамент директоры қызметінде ақпараттандыру мәселелеріне жетекшілік етті.
  • 2004 ж. мамырдың 13 бастап Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
  • 2006 ж. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы болып тағайындалды.
  • 2010 жылдан - «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы.

Отбасы

Анасы - Есекеева Мінаура Жумағалиқызы, ҚазМБА-да математика пәнінің оқытушысы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер