Қуандық Нұрғалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қуандық Нұрғалиев(1940 жылы туған, Қарақалпақстан, Хожелі ауданы Қаратерең ауылы) – әкімшілік қызметкері. Алматы ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі ҚазҰАУ) (1968), Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1958 – 63 жылдары Мақат өндірісінде оператордың көмекшісі, слесарь-жөндеуші, 1968 – 73 жылдары Қызылқоға ауданында инженер-бақылаушы, 1973 – 77 жылдары Маңғышлақ облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінде нұсқаушы, 1977 – 91 жылдары Бейнеу ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, төраға. 1991 – 98 жылдары Маңғыстау облыстық атқару комитеті ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, Маңғыстау облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, 1998 – 2005 жылдары Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті директорының орынбасары болды. «Құрмет белгісі» орденімен, Бүкілодақтық ХШЖК-нің қола медалімен марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қуандық Нұрғалиев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}