Қорғасбеков Жүсіпбек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қорғасбеков Жүсіпбек 3.2.1961 жылы Панфилов ауданы Әулиеағаш ауылында туған-жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (1987). Тарлан-Үміт сыйлығының иегері.(2000)1978 жылы Ленин орта мектебін, жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1985-1990 жылдары "Лениншіл жас" (Қазіргі "Жас Алаш") газетінде, 1990-1991 жылдары "Мәдениет" газетінде бас редактор, 1991-2002 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінде жұмыс істеді. 2002 жылдан "Жас Алаш" газетінің бас редакторы. "Көгілдір керуен" (1985) "Жансебіл"(1992),"Ғарышкер" кітаптарының, "Жансебіл" (1991) көркемфильмі сценарийінің авторы.

Дереккөздер