Қолжазба орталығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қолжазба орталығы - қолжазбалар мен текстология орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты жанынан 1989 жылы құрылған.

Қолжазбалар мен текстология орталығы қорында қазақ ауыз әдебиетінің 200 мыңдай нұсқасы сақталған. Олардың ішінде батырлар жырының, тарихи өлеңдер мен аңыз әңгімелердің жүзге жуық, айтыстың мың жарым, мақал-мәтелдің 20 мың үлгісі, көлемі алты мың бетке жуық тарихи шежіре, 12–13 ғасырларда еврейлердің бұзау терісіне көшірілген ұзындығы 24 метрден тұратын киелі кітабы бар.

Ең көне қолжазба – 13 ғасырдан жеткен, 1880 жылы Құлмұхамед Байғұлұлының қолымен көшірілген “Жүсіп–Зылиха” дастаны. Мұса Шорманұлы жинаған фольклорлық және этнографиялық материалдардың 1913 жылғы көшірмелері, “Шахнама” эпосын Тұрмағамбет Ізтілеуовтің өлеңмен, Ысқақ Тілеуқабылұлының қарасөзбен аударған қолжазбалары, Шығыс халықтарына кең тараған “Мың бір түн”, “Калила Мен Димна”, “Тотынама” сияқты шығармалардың аударма нұсқалары, “Таһир – Зуһра”, “Ләйлі - Мәжнүн”, “Бозжігіт”, “Сейфүл-Мәлік”, “Шәкір-Шәкірат” ғашықтық жырлары, “Қиссасу-л-Әнбия”, “Сал-сал”, “Зарқұм” діни қиссалары, т.б. көптеген фольклорлық мұралар қазақ ауыз әдебиетінің інжу-маржандары сақталған.

Қолжазбалар мен текстология орталығы қорында қазақ халқының мәдени-рухани өмірінен сыр шертетін сирек суреттер, әдебиет, өнер және ғылым қайраткерлерінің, жыршылар мен әншілердің дыбыс таспасына жазылған дауыстары сақталған дискілер бар. Олардың арасында М.Әуезов, Қ.Сәтбаев, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, А.Жұбанов, Т.Жүргенов, Ә.Марғұлан, І.Есенберлин, Л.Хамиди, т.б. дауыстары сақталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}