Қозыбай Нәупілұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қозыбай Нәупілұлы (1822, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Маманай мекені – 1914, Көлденең Есіл бойы) – шешен. Шақшақ батырдың ұрпағы, әкесі Нәупіл Сегіз Серінің ағасы. Тура айтатын әділ билігі үшін ел арасында есімі аңызға айналып, “Арқаның арыстаны” атанған. Он жасында Болатнайдағы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Новорыбинка ауылы) медреседе оқып (1832), оны 1835 жылы бітіріп шыққан. 1853 – 58 жылы Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы Есет Көтібарұлы бастаған шаруалар көтерілісіне қатысқан. Қартайған шағында тоғыз ұлының көмегімен 150 адам еңбек ететін шеберхана ашқан. Онда зергерлікпен, ұсталықпен, тігіншілікпен айналысқан, сондай-ақ жұмысшылар аңшылықты, егіншілікті, балық аулауды да кәсіп еткен. Патша өкіметі саясатына қарсы адам ретінде 12 жылға Семей у-не жер аударылған (1898). Нақақтан жапа шеккен шешенді Абай Құнанбайұлы, Түсіп Алшынбайұлы бастаған Семей өңірінің адамдары құрметпен қарсы алған. Ол Ысқақ Құнанбайұлы, қаракесек Ақайдың Хасені сияқты болыстарға кеңесші болған. Қозыбай өмірінің бұл кезеңі туралы ел аузында сақталған аңыз әңгімелер өте көп. Айдауда жүрген Қозыбай Абайдың көмегімен уезд бастығынан мерзімінен бұрын кешірім алып, үш жылдан соң еліне оралған. Оның нақыл сөздері ел арасына кең тараған. Қозыбай мұрасы жайлы әдебиетші ғалымдар Б.Адамбаев, Т.Сүлейменовтер зерттеді.

Дереккөздер

Қазақ Энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қозыбай Нәупілұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}