Қожеке

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қожеке Назарұлы (1828, қазіргі Алматы облысы Райымбек ауданы. Қарқара ауылы – 1881, ҚХР, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Қызылкүрке қаласы) – күйші-сазгер. Арқа, Атырау, Жетісу күй өнері мектептерінің үлгісін жарасымды үйлестіріп, өрнегі өзгеше шығармалар тудырған.
Оның туындыларында төкпе, терме, шертпе күйлердің белгілері араласып, айрықша мәнермен тартылады. Ерекше күш-қайратты танытатын жігерлі күйлер жүрек қылын шертетін нәзік те сырлы сазға ұласып отырады. Қожеке күйлері уақыт тынысын, зұлымдық пен адалдық, қатыгездік пен адамгершілік сияқты өзара кереғар қасиеттердің ара жігін тап басып, айқын аңғартады. 1860 жылы Ресей отаршылдары Жетісудың Сарыжаз, Текес, Қарқара сияқты жайлауларын зорлықпен тартып алғанын көрген Қожеке қазақ би-болыстарының отаршылдық озбырлығына деген көнбіс, тоқмейіл, жігерсіздігін әшкерелеп “Шалқайма” күйін шығарған. Осы шығармасы үшін патша әкімдерінен теперіш көрген күйші 1869 жылы шамасында өзіне қарасты 25 үймен Шығыс Түркістанға көшіп кеткен. Бірақ мұнда да ол жергілікті билеушілер тарапынан қуғынға ұшырап, түрмеге жабылды да, азаптап өлтірілді.
Зерттеуші Мұхамед Ханафиннің мағлұматтарына қарағанда Қожеке жүзден астам күй шығарған. Оның алуан тақырыпты қамтитын бұл туындыларын негізінен екі топқа бөлуге болады. Біріншісі – күйшінің өз өмірінің әр кезеңін қамтитын шығармалары, екіншісі көне Үйсін заманынан сыр шертетін “Қамбар ханнан” бастап, қазақ халқының тарихи-әлеум. өмірінен, тұрмыс-салтынан елес беретін күйлері. Бұлардың еншісіне көне әдеби мұралармен сарындас “Жиренше”, “Жиреншеге Қарашаштың қазасын естірту”, “Жиреншенің Қарашашты жоқтауы” сияқты топтамалары мен “Көроғлы сұлтан”, “Біржан мен Сара”, “Стамбұл”, “Мұңлық” күйлерін жатқызуға болады. Ал “Қолға алынар алдында”, “Рабат төренің естіртуі”, “Таскөмір шоғына қарылу”, “Қинау”, “Түрмедегі қинау” туындылары өз басынан кешкен ауыр халден хабар береді. Қожекеның жоғарыда аталған шығармаларымен қатар “Нұрғазарын бұлбұл”, “Керітолғау”, “Аққу”, “Күй шақыртқы” күйлері бар. 1984 жылы Үрімші қаласындағы Шынжаң жастар баспасынан Қожекенің “Күй толқыны” кітабы басылып шықты. Кітапқа тоқсаннан астам күйі енген.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қожеке|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}