Қожа Толығ кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Қожа Толығ кесенесі.tif
Қожа Толығ кесенесі

Қожа Толығ кесенесі – сәулет өнері ескерткіші.


Жергілікті мұсылмандар шейхының қабірі басына тұрғызылған. Мазардың XVII – XVIII ғасырда тұрғызылған алғашқы нұсқасы сақталмаған. Қазіргі кесене XIX ғасырдың 2-жартысында салынған. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында орналасқан. Қожа Толығ кесенесі көне Сайрамдағы тарихи сәулет өнерінің ең әсем үлгілерінің бірінен саналады.

Сыртқы, ішкі өлшемдері: 6,44-6,30 метр, биіктігі 7,15 метр. Қабырғасын қалағанда ескі ғимараттардан алынған күйдірілген кірпіштерді пайдаланған. Бір бөлмелі құрылыстың төбесі күмбезбен жабылған. Күмбездің ортасынан кішкене мұнара шығарылған. Оған да тесіктері бар күмбез орнатылған. Кесененің алдыңғы бетіндегі П пішіндес порталы, бедерлі бағаналары ғимараттың сәнін келтіріп тұр. Оңтүстік қабырғасында сырлы бояулармен шығыс дәстүріндегі шай жабдықтарын бейнелеген суреттердің нобайы сақталған. Бас күмбез төрт аркаға, сондай-ақ, төрт пилонға орнатылған. Терезелері осы заманғы үлгі бойынша ағаштан жасалған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер  Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті