Қатыршат Шапағатұлы Шүленбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қатыршат Шапағатұлы Шүленбаев (5.3.1937, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 21.6.1998, Алматы) – философ ғалым, философия ғылымдарының докторы (1986), профессор (1987). Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген (1959). 1972 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында философия кафедрасының меңгерушісі болды. 1970 – 1980 ж. ғылыми жұмысының негізгі бағыты – ғылыми атеизм және тарихи материализм мәселелері. 1991 жылдан бастап тәуелсіз Қазақстандағы дінтану мектебінің қалыптасып, дамуына елеулі еңбек сіңірді.<ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>