Қатты көбенқұйрық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қатты көбенқұйрық<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасы, көбенқұйрық туысына жататын көп жылдық, сирек кездесетін эндемик.

Ботаникалық сиапты

  • Биіктігі 30 см.
  • Көп тармақты тамырының ақ түк басқан мойны болады.
  • Сабағы қарапайым, сыртын без, төменгі жағын жіңішке түк басқан.
  • Қабықшалы жапырағы жасыл, тамыр жапырақтары мен төменгі сабақтарында орналасқан сағақты жапырақтары қандауыр тәрізді. Төбе жапырақтары сағақсыз сабаққа бекіген.
  • Ұзындығы 25 мм-дей болатын гүлсебеті домалақ цилиндр тәрізді, орама жапырақтарының жиегші ирек тісті-тікенекті, күлтесі ашық сары түсті. Тозаңдық түтікшесі қара қоқшыл.
  • Тұқымынан көбейеді. Шілде-тамыз айларында гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жеміс салады.
  • Тұқымының ұзындығы 6 мм-дей, сырты тегіс.

Таралу аймағы мен өсетін жері

Қазақстанда Қырғыз Алатауы жотасының солтүстік беткейлерінде, қар басқан таулардың қиыршықтасты баурайларында кездеседі. Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Дереккөздер

<references/>