Қатпарсабақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қатпарсабақ (Үлгі:Lang-la) <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> - көкбұталар тұқымдасына жататын гүлді өсімдіктер туысы, жапырақ тастайтын төсемелі бұта немесе бұташық.

Ботаникалық сипаты

Сурет:Arctostaphylos alpinus - autumn.jpg
Қызыл түске енуі
  • Бүршігінің бірнеше қабыршағы болады.
  • Эллипс немесе жұмыртқа тәрізді жапырақтары кезектесе орналасқан, жиегі ұсақ ара тісті. Күзде қызыл түскен енеді де қурап, түсіп қалады.
  • Гүлдері бұтақтарының ұшын қарай шашақ гүлшоғырына шоғырланған. Тостағаншасы бес тілікке бөлінген. Күлтесі құмыра тәрізді, ұшына қарай кішірейеді, ашық жасыл түсті. Аталығы, тозаңдығының ұясы ұзын сопақша келген, бас жағында кең саңылауы бар.
  • Жемісі - қара, 4-5 сүйекшелері бар шырынды жидек.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Тундрада, жартастарда, қиыршықтасты тау баурайларында өседі.

Еуропаның солтүстік аудандарында, Солтүстік Америкада, Еуропада, Шығыс және Орта Азияда өсетін 4 түрі белгілі.

Қазақстанда Алтай таулары, Тарбағатай жотасы, Жетісу (Жоңғар), Іле және Күнгей, Теріскей Алатауларында, Кетпен (Ұзынқара) жотасында биік тау белдеулерінде өседі.

Күй талғамайтындығы, суыққа аса төзімділігі және гүлдерінің әсемдігімен ерекшеленеді.

Ең көп тараған түрі - альпілік қатпарсабақ (Үлгі:Lang-la).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер