Қатира Жаленова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қатира Жаленова - 1951 жылы 22 сәуірде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылында туған. ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген (1973). 1973-1993 жылдары Қазақ радиосында редактор болып істеген. Қазір туған жері Сыр бойына қайта оралып, кәсіпкерлікпен айналысады.

Шығармашылығы

Тұңғыш жинағы — «Кел, махаббат» 1978 жылы жариялайды. «Аңсағай менің әнімсің» (1981), «Ақ гүлдер» (1989) өлеңдер жинағы жарық көрді. Бір топ өлеңдері «Разбеғ» (1986) атты ұжымдық жинақта орыс тілінде басылып шықты. Тәжік ақыны Г.Сүлейменованың «Қырық бұрым» (1983) өлеңдер жинағын аударған.

Жетістіктері

1979 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жас ақын-жазушылардың кеңесіне, Түрік дүниесі поэзиясы ІІ-фестиваліне қатысқан. Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, Абайдың 150 жылдығына арналған ақындар мүшәйрасының жүлдегері. Облыс әкімінің екі мәрте стипендиаты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}