Қасым Әуезов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қасым Әуезов (1897, қазіргі Қарақалпақстан, Шымбай ауданы, «Кеңес» с-зы — 13 қазан, 1938, Ташкент) — қарақалпақ ақыны, драматург, сыншы, қоғам қайраткері.

Өмірбаяны

  • Кедей шаруа семьясында туған. Ауыл мектебінде және Мақтым ақын медресесінде бiлiм алған.
  • 1920 жылдан ауылды советтендiру және жаңа қоғам орнату ісіне белсене қатысты.
  • 1921 жылдан бастап Шымбайда мектеп оқытушысы, директоры, округтық оқу бөлімінің меңгерушісі, Қарақалпақ автономомиялық облысының халық ағарту халкомы,
  • 1925 — 29 жылдары Қарақалпақстан ОАК-нің төрағасы
  • 1929 — 30 жылдары Қазақстан ОАК-і төрағасының орынбасары, Қазақ АКСР ішкі істер халкомы.
  • 1930 — 31 жылдары Қарақалпақстанның РКФСР ОАК-дегі тұрақты өкілі
  • 1932 — 34 жылдары Қарақалпақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы.
  • 1937 жылдары Қарақалпақ АКСР Халком Кеңесі жанындағы өнер басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
  • 1938 —Саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.

Шығармалары

  • Тұңғыш қарақалпақ пьесасы — 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына арналған “Мақсат жолында” драмасын жазған.
  • «Ульянов-Ленин»
  • «Қайта сайлауда» т. б. өлеңдерi.
  • “Шахта” поэмасы
  • “Еңбек”
  • “Көктем келді”
  • “Намыс құлы”
  • “Күн” т.б. шығармалары қарақалпақ әдебиетінің дамуына елеулі ықпал жасады.
  • Пушкин, Мольер т.б. шығармаларын қарақалпақ тіліне аударды.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6</ref><ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>