Қарсақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қарсақ (Үлгі:Lang-la) – иттер тұқымдасының түлкі туысына жататын жыртқыш аң.

Биологиялық сипаты

  • Дене тұрқы 46 – 56 см, құйрығының ұзындығы 25 – 35 см, терісі бағалы аң.
  • Қысқы жүні қалың, жұмсақ әрі жібектей болып келеді. Жазғы жүні қысқа, ірі және түбітсіз келеді.
  • Қарсақтың түлкіден айырмашылығы: құлағы ақ, үлкен тұмсығы сүйір болады.
  • Қарсақ жылына екі рет түлейді (көктемде және күзде).

Тіршілік жағдайы мен қоректенуі

Тереңдігі 1 – 2 м, ұзындығы 4 – 6 м ін қазып алып, сонда тіршілік етеді. Кейде түлкі, борсық және суырлардың ескі індерін де пайдаланады.
Қарсақ қорек іздеуге таңертеңгі және кешкі мезгілде шығады. Негізгі қорегі – тышқан, тоқалтіс, құмтышқан, сарышұнақ, суыр, қоян, т.б. Сондай-ақ, қарсақтар тасбақаны, құсты, жыланды, кесірткені де жейді.

Көбеюуі

Қарсақ жыныстық жағынан 9–10 айда жетіледі. Жылына 1 рет күшіктейді. 2-ден 16-ға дейін, негізінде 3-6 күшік табады<ref name=bi1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>. Қазақстанның далалы аймағында ақпанда, ал шөл-шөлейтті аймақтарында қаңтардың аяғында шағылысады. 52 күннен кейін 2–16, көбіне 3–6 күшік туады.

Таралу аймағы

Қазақстанның шөл-шөлейтті жерлерінде кең тараған. Өсімдікке бай ойпаң мен аңғарлы сайларды, тау етегін мекендейді.
Қарсақ – өте бағалы терісі үшін ауланып келе жатқан кәсіптік маңызы бар аң.
Қарсақ – құтыру мен оба ауруларын таратушылар.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Түршелері

Қазақстанда қарсақтың 3 түршесі бар:

  • Қазақстан қарсағы (Vulpes с.corsac) - солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс Қазақстан жерін мекендейді. Бұл түршелердің ең ірісі, тері жабындысы мен құйрығы ерекше үлпілдек жүнді.
  • Қалмақ қарсағы (Vulpes c.kalmykorum) - Орал таулырының шөлді аймағында кездеседі. Қазақстан қарсағына қарағанда жүні онша үлпілдек емес.
  • Түркімен қарсағы (Vulpes c.turkmenicus) - оңтүстік-батыс және Оңтүстік Қазақстанда тараған. Қарсақтардың ішіндегі кішісі.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

<references/>