Қармыс Досанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қармыс Досанов (15. 05. 1922 жылы туған, Жаңажол мекені, қазіргі Қарақалпақ ACCP-i, Хожелі ауд.) — қарақалпақ совет ақыны, жазушы, 1949 жылдан КОКП мүшесi. Қармыс Досановтың алғашқы өлеңi 1938 жылы жарық көрді. Содан берi оның «Қызыл байрақ» , «Ақын даусы», «Таң самалы» т. б. өлеңдер жинағы, поэмалары басылды. Ұлы Отан соғысы тақырыбықа жазылған «Бiрiншi салют» романын (1959) т. б. повестерiн жариялады. «Арал даусы» атты пьесасы (1970) Қарақалпақ драма театрының сахнасында қойылды.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6</ref>

Дереккөздер

<references/>