Қарлығаш Мұхамеджанова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Қарлығаш Төлегенқызы Мұхамеджанова (1982 жыл, шілденің 22-ші жұлдызында дүниеге келген, Қарағанды қаласы, ҚазКСР, КСРО) — Қазақстан актрисасы.

Өмірбаян

Әкесі – белгілі композитор әрі сенатор Төлеген Мұхамеджанов, шешесі – әйгілі қазақ опера әншісі Нұржамал Үсенбаева.

Білімі

2005 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының халықаралық қатынастар факультетін «халықаралық қатынастар саласындағы заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Кейін тілдік бағдарлама бойынша Бостон колледжінде білім алған. АҚШ-та екі жыл магистратурада оқып, тәжірибелік сынақтан өткен.<ref name="сайт">Үлгі:Cite web</ref>

Мансабы

Елге оралған соң Қарлығаш екі жыл бойы «Cағындырған әндер-ай» ретро-фестивалінің, «Қазақстан» телеарнасындағы «Ән Арна» музыкалық бағдарламасының жүргізушісі болады<ref name="сайт"/>. Телеарнада жүрген кезінде болашақ "Лавэ" картинасының продюсерінің көзіне түсіп, сол фильмнің түсіріліміне шақырту алды.<ref name="kinostan">Үлгі:Cite web</ref>

2008 жылы алғаш рет «Лавэ» фильміне түскен. Содан кейін «Рывок» («Серпіліс») және «Ирония любви» («Махаббат тәлкегі») фильмдерінде шағын рөлдерді сомдап шықты. Басты рөлін 2010 жылы «Сказ о розовом зайце» («Қызғылт қоян туралы хикая») картинасында ойнады<ref name="kinostan"/>.

Фильмография

  • 2008 – «Лавэ»;
  • 2009 – «Серпіліс» («Рывок»);
  • 2010 – «Махаббат тәлкегі» («Ирония любви»);
  • 2010 – «А»-ға оралу» («Возвращение в «А»);
  • 2010 – «Қызғылт қоян туралы хикая» («Сказ о розовом зайце»);
  • 2011 – «Ликвидатор»;
  • 2011 – «Мамырдың жеті күні» («Семь майских дней»);
  • 2012 – «Жан жүрегім – Астана!»

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама